Қазақша жазатын копирайтер
18 Августа 2025

Город:
Алматы
Занятость:
Полная занятость
Компания "Qazaq Stroy"
Міндеттер
1. Контент жасау
- Компания сайтына және әлеуметтік желілеріне мәтіндер әзірлеу (жаңалықтар, анонстар, түсіндірме материалдар, эмоциялы жазбалар)
- Сайт үшін мәтіндер жазу (жаңалықтар, жоба сипаттамалары, ақпараттық беттер)
- Ұтымды слогандар, есте қаларлық тақырыптар, әрекетке шақыру мәтіндерін (CTA) әзірлеу.
2. Аударма
- Орыс тілінен қазақ тіліне мәтіндер аудару (әлеуметтік желілер, сайт, ресми материалдар)
- Мәтіндерді мақсатты аудиторияға бейімдеу, сөзбе-сөз аудармай, калькасыз жазу.
3. PR бөлімінің жұмысы
- Пресс-релиз, пост-релиз, ресми мәлімдеме, хат мәтіндерін дайындау
- PR кампанияларды жүргізу: сыртқы жарияланымдар мен медиа-анонстарға мәтіндер әзірлеу, трендтерді бақылау, репутациялық, имидждік шараларды жүзеге асыру.
4. Редактура және сапаны бақылау
- Мәтіндерді компания коммуникациясының ыңғайына сәйкестендіру.
5. Контент жоспарлау (Маркетинг бөлімімен бірге)
- Айлық контент-жоспарды әзірлеуге қатысу
- Айдарлар, посттар, ақпараттық себептер бойынша идеялар ұсыну.
6. Микроаналитика және жетілдіру (SMM менеджермен бірге)
- Жарияланымдарға реакцияны қадағалау, клиенттердің үнін, қалауын зерттеп отыру
- Мәтіндердің әсерлілігін, сапасын үнемі жақсарту.
Білімі: жоғары – журналистика, PR, филология
Тәжірибесі: 2 жылдан кем емес, оның ішінде мамандығы бойынша – 1 жылдан кем емес
Кәсіби талаптар:
- Қазақ тіліне жетік, сауаты аса жоғары, өзіндік стилі бар, әдеби және заманауи сөз қолданысын ұтымды меңгерген болуы шарт
- Қиын тақырыптарды қарапайым тілде жеткізе білу, әсіресе құрылыс, тұрғын үй кешендері, әлеуметтік жобалар тақырыптарында жаза алуы маңызды
- SMM, PR, кәсіби инструменттерді меңгергені құпталады
- PR және корпорациялық коммуникация негіздерін, принциптерін, ереже-талаптарын білу маңызды, медиа саласындағы тәжірибесі құпталады
- Кәсіби ортада байланыстары бар, түрлі мақсатта қажетті инфлюенсер, блогерді ұсына алуы
Жеке қасиеттері:
- Жауапты, креатив идеяларға толы болуы
- Тілдесу қабілеті жоғары, токсик мінезден ада, кез келген жағдайда әбігерлікке, конфликтіге салынбай, мәселені аяғына жеткізіп, Кәсіби шыңдалуды көздейтін, корпоратив ортадағы ереже-талаптарды орындауға қабілетті
- Орыс тілін де жетік білуіңіз, қандай да бір шет тілін меңгергеніңіз аса құпталады.
- шешуге мүдделі, проактив
Компания тарапынан:
- Жұмысқа ресми ресімдеу
- Қаланың әдемі орталығындағы жайлы офис
- Ретті жұмыс – 5/2, work/life balance
- Тату, идеяға толы креатив жастар командасы
- Компания есебінен – корпоратив іс-шаралар
- Жан-жақты қолдауға ие боласыз, жұмыс уақыты біткен соң офисте қалып, артық жұмыс істеу міндеттелмейді, шұғыл негізсіз демалыс күндері мазалау болмайды
- қолдауға ие боласыз
Жайлы әрі кәсіби ортаға қосылып, командамыздың маңызды мүшесі атанғым келеді десеңіз, вакансиямызға үн қатып, резюмеңізді, ілеспе хабарламада – материалдарыңызға немесе әлеуметтік желілердегі жазбаларыңызға сілтеме жіберуіңізді өтінеміз, материалдарына сілтеме көрсетілмеген резюмелер қарастырылмайды.
Зарегистрируйтесь или войдите, чтобы открыть контакты работодателя
Прикрепите резюме для отклика
Уже с нами?
Войдите, чтобы отправить резюме
14 Августа
Алматы
Компания "Малика" Обязанности: Написание и редактирование контента для различных платформ (сайты, соцсети, email-рассылки). Создание...
14 Августа
Алматы
Компания "BAZIS-А Corp." Обязанности: Написание рекламных текстов для полиграфии, сайтов и прочей рекламной продукции по ЖК; Создание...
10 Августа
Алматы
Компания "SlonW" Привет! Это SlonWorks. Наша специализация — сложные технические реализации в веб-разработке и разработке мобильных...
15 Августа
Копирайтер( 2ГИС-Справочник Двух Столиц )
Алматы
Компания "2ГИС-Справочник Двух Столиц" Мы — технологическая компания №1 в Казахстане по версии Forbes , которая охватывает более 1000 городов,...
10 Августа
Алматы
Компания "Телеубаев Ш А" Ищем SMM/копирайтера для ведение страницы ресторана в Threads. Обязанности: Писать тематические, ситуативные...
Вакансия размещена в отрасли