Оператор в "Золотое Яблоко" (Распределительный центр "Damu logistics", п. Байсерке)
Описание
6-сынып Қазақ тілі
Үстеу бойынша өткен тақырыптардың ережелерін есіңе түсір және тапсырмаларды орында:
Қимылдың, іс- әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипатын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Бүгін мен кешке концертке барамын.
Үстеулер құрамына қарай дара және күрделі үстеулер болып бөлінеді. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеулер жатады.
Негізгі үстеулер- қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.
Мысалы: тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын.
Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Мысалы: адамша сөйледі, ақшалай берді, соншалық көп.
Үстеудің мағыналық түрлері
№
Түрлері
Сұрақтары
Мысал
1
Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
Қашан? қашаннан?
кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, бүрсігүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда - санда, оқта - текте, т.б.
2
Мекен үстеулері қимыл іс - әрекеттің орнын, мекенін білдіреді
Қайда? қайдан?
әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда, т.б.
3
Сын бейне үстеулер: қимыл іс әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді.
Қалай? қалайша?
әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, осылай, бірге, зорға, аздап, т.б.
4
Мөлшер үстеулері түрлі қатынастарды жалпылап, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді.
Қанша? қаншалық? нешелеп? қаншадан?
сонша, соншлық, онша, мұнша, мұндайлық, сондайлық, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды -- көпті, т.б.
5
Күшейткіш үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді.
Қалай? қайтіп? қандай?
аса, нағыз, ең, тым, тіпті, кілең, небір, өңкей, әбден, т.б.
6
Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді.
Не үшін? неге? не мақсатпен?
әдейі, жорта, қасақана, әдейлеп, т.б.
7
Себеп-салдар үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу себебін я салдарын, нәтижесін білдіреді.
Неліктен? не себепті?.
бекерге,амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, әншейін, т.б.
Тапсырмалар:
№1. парағы. (Тест жұмысы)
1.Тіліміздегі қимылдың, әр түрлі белгісін, амалын, мекенін, мезгілін, себебін, т.б. сипаттарын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) зат есім Ә) үстеу Б) етістік
2. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 4 Ә) 2 Б) 3
3. Мыналардың қайсысы негізгі үстеу
А) төмен Ә) адамша Б) таңертең
4. Құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер қалай аталады?
А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу
5. Мына сөздердің ішінен үстеулерді табыңыз.
А) жылдам, ерте, кеш Ә) 2 барады, келеді Б) бес, өнерлі.
6. Дара үстеуге қандай үстеулер жатады?
А) күрделі үстеу Ә) туынды және негізгі үстеу
7. Ерте, кеш, тым, аса қандай үстеулер?
А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу
8. Күрделі үстеудің жұрнақтарын ата.
А) - ып, -іп, -п Ә) - ша,- ше,- лай,- лей,- дай,- дей Б) - ыс,- іс,- с
9. Мына сөйлемде қай сөз үстеудің қызметін атқарып тұр?
Биыл Әлім жоғары оқу орнына түсті.
10. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7 Ә) 4 Б) 6
№2. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жаз. Сөйлемдердегі үстеулердің астын сыз.
Жайлау ерте көктеді биыл. Арада уақыт өткен біраз. Нағашым әдеттегісінен кешігіп келді бүгін. Асан ақырын әңгімелесіп келеміз екеуіміз.
№3. Берілген үстеулерді құрамына қарай орналастыр.
Дара
Күрделі
Біраз, шетінен, жоғары- төмен,түгел,дереу, кешке, бүгін, етпетінен, тым,биыл, жорта, қолма-қол, аса, ерекше, жаздыгүні,төтеден, тезірек,өз-өзінен, бермен, нақ.
№4. Берілген үстеуді сәйкестендір:
емін-еркін сөйледі
ақырын отырды
асыға күлді
бірте-бірте жүрді
әрең келді
балаша үйренді
таң сәріде сөйледі
№5. Күрделі үстеулерді қатыстырып еркін тақырыпта мәтін құрастыр.
Жаздыгүні, ендігәрі, , анда-санда, енді-енді, әрең-әрең, бекерге, күні бүгін, ала жаздай , ертеден қара кешке дейін т.б.
24 июля, 2023
Газиз
Город
Алматы
Возраст
54 года (28 ноября 2024)
24 июля, 2023
Биназир
Город
Алматы
Возраст
54 года (28 ноября 2024)
24 июля, 2023
Aigerima Amirzhanova
Город
Алматы
Возраст
54 года (28 ноября 2024)