Сторисмейкер( Choice4u ) (в архиве)

01 Июня

Партнерские Вакансии

Город:

Алматы

Занятость:

Полная занятость

Компания "Choice4u"

Сен жай ғана түсіріп, “солай сала салатын” сториз-мейкер емессің бе?
Сенің әр Stories — бұл мини-фильм, әр кадр — мағына, эмоция, стиль ме?
Онда біз дәл сені іздеп отырмыз.

Бізге жай “камера ұстаушы” емес, сюжетпен ойлайтын, сценариймен жұмыс істейтін, көрерменді экранға байлап қоятын сториз-мейкер қажет.

Міндеттер:
• Stories-ке сюжет пен драматургия құру (басы – кульминация – финал);
• 3 секунд ішінде көрерменді қызықтыру және соңына дейін ұстап тұру;
• Эффект, музыка, мәтін және монтажды үйлестіріп WOW-контент жасау;
• Кәдімгі видеодан эмоция мен оқиға шығара білу;
• Сториздерді эстетикалық, стильді және креативті етіп ұсыну.

Талаптар:
• Stories форматына сай контент жасауда тәжірибе (портфолио міндетті);
• Телефонмен түсірілген видеоны кино сияқты көрсету шеберлігі;
• Креатив ойлау, монтаж, идея ұсыну қабілеті;
• Instagram, TikTok форматтарын терең түсіну;
• Нәтиже үшін жұмыс істеуге дайын болу.

Жұмыс кестесі:
• Негізгі график: таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін.
• Аптасына 1 демалыс күні беріледі, бірақ түсірілімдерге байланысты ауысып отыруы мүмкін.
• Егер кешке дейін немесе түнге дейін түсірілім болса — келесі күні кешірек келуге болады
• Біз еңбекті бағалаймыз: қай күні көбірек жұмыс істесең, басқа күні демалуға толық мүмкіндік бар.

Біз не ұсынамыз?
• 400 000 теңге тұрақты айлық (ал ең үздіктер үшін – одан да көп);
• Танымал жоба, миллиондаған қаралым, сенің атың шығатын контент;
• Шығармашылық еркіндік пен үлкен мүмкіндіктер;
• Ең үздік контентті жасауға көмектесетін креативті команда.

Қалай өтініш беремін?
• Түйіндемеңді және 3 үздік Stories жұмысыңды жібер
• Біз сенің стиліңді, креативіңді, ойлау қабілетіңді көргіміз келеді.

Бұл жай жұмыс емес. Бұл сенің атың шығатын жоба. Егер өзіңе сенімді болсаң — бізге жаз!

Похожие вакансии

22 Июня

Сторисмейкер

Алматы

Компания "MIDI Mart" Мы Enter Marketing — креативное агентство, которое за 5 лет вывело на новый уровень сотни брендов. Мы реализовали более...

Отправить резюме подробнее

04 Июля

Сторисмейкер( ИП Дюсенбаева )

Алматы

Компания "ИП Дюсенбаева" Обязанности: Ищем сторисмейкера в команду. Чувствуешь вайб бренда и знаешь, как сделать сторис, которые...

Отправить резюме подробнее

01 Июля

SMM-менеджер - сторисмейкер

Алматы

Компания "Inclusive Service" В магазин домашнего текстиля matta требуется СММ менеджер Обязанности: Создание контента для соц....

Отправить резюме подробнее

Вакансия размещена в отрасли

Информационные технологии / IT / Интернет: