Әлеуметтік қызметкер

01 Июля

Партнерские Вакансии

Город:

Алматы

Занятость:

Полная занятость

Компания "ФИЛИАЛ АССОЦИАЦИИ ВРАЧИ БЕЗ ГРАНИЦ (ШВЕЙЦАРИЯ) В КАЗАХСТАНЕ"

Негізгі мақсаты

Әрбір пациенттің әлеуметтік сұрақтарына қатысты барлық іс-шараларды MSF қағидалары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асыру. Оларды басқа да тиісті қолдау қызметтерімен және қауымдастықтармен байланыстыру. Пациенттердң әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулық мәселелеріне оң әсер ету.

Міндеттері:

  • Пациенттің әлеуметтік қажеттіліктерін, атап айтқанда, құқықтық, баспаналық, қаржылық, азық-түлік, медициналық, психоәлеуметтік қызметтерге қолы жету мүмкіндігін анықтау.
  • MSF командасымен (денсаулық сақтау, психолог мамандар) тығыз жұмыс жасап, жан-жақты көмекті қамтамасыз ету.
  • Бағалауларға сүйене отырып пациенттерге тікелей әлеуметтік қолдау көрсету және сыртқы көмек орталықтарына жолдау;
  • Пациенттердің мамандардың қабылдауларын жіберіп алмауын қадағалау;
  • Бірге жұмыс жасауға болатын тараптарды анықтау, оларға пациенттерді жолдау жолдарын құру, үнемі қолжетімді қызметтерге қатысты ақпаратты жаңарту, әлеуметтік көмек тұрғысында жетіспеушіліктерді анықтау;
  • Көрсетіліп жатқан көмектің пациенттердің мәдениетіне бейімделгендігіне көз жеткізу;
  • MSF немесе басқа тараптар өткізген әлеуметтік іс-шаралардың есебін, жазбаларын, статистикасын жүргізу;
  • Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға үшін көпсалалы қызметтерге жасалған жолдамаларды, мамандардың қабылдауларына келуін жүйелі түрде қадағалау.

MSF ішіндегі міндеттері

  • Егер ол қызметі мен міндеттеріне қайшы келмесе, осы жұмыс сипаттамасына енгізілмеген іс-шараларда командаға көмектесуге дайын болу;
  • Алматы облысы бойынша іс сапарларға дайын болу.

Вакансия размещена в отрасли

Административный персонал: